Accessibility links

Германия СІМ «үлкен жетілік» саммитіне Путинді шақыруға қарсы


Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер.
Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер.

Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер маусым айында сол елде өтетін «үлкен жетілік» саммитіне Ресей президенті Владимир Путинді шақыруға қарсы екені туралы мәлімдеді. Die Welt газетіне берген сұхбатында ол: «Ресейді ұзақ уақыт оқшаулап ұстауға біз мүдделі емеспіз, бірақ Қырымды заңсыз аннексиялап алған соң біз түк болмағандай кейіп таныта алмаймыз» деген.

Оның сөзінше, қайтадан «сегіздікке оралуы үшін» Ресей Украинаның біртұтастығын құрметтейтінін көрсетіп, Минск келісімі бойынша алған міндеттемелерін орындауы тиіс. Ресей Қырымды аннексиялауына байланысты 2014 жылы дамыған елдердің халықаралық клубынан шығып қалған.

Бұған дейін Германия солшыл партиясының бундестагтағы фракциясының жетекшісі Грегор Гизи маусым айында осы елде өтетін «үлкен жетілік» елдері саммитіне Ресей президенті Владимир Путинді шақыру туралы канцлер Ангела Меркельге ұсыныс жасаған еді. Ол Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер барысында және Сирияның химиялық қаруын жоюда Путиннің «дұрыс роль атқарғанын» айтқан.

XS
SM
MD
LG