Accessibility links

Хиллари Клинтон АҚШ президенті сайлауына түспек


АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

Хиллари Клинтон АҚШ-та 2016 жылы өтетін президент сайлауына түсуге ниетті екенін білдірді. АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы, экс-президент Билл Клинтонның әйелі Хиллари Клинтон өзінің жоспарлары туралы 12 сәуір күні видеожазба арқылы жариялады. Бұған дейін Клинтонның сайлау кампаниясы басшысы Джон Подеста Twitter әлеуметтік желісі арқылы Клинтонның сайлауға түсу жоспары бар екенін хабарлаған.

2008 жылы Демократиялық партия президенттікке кандидат іріктеген кезде Барак Обама Клинтоннан басым түскен. Орта деңгейдегі бірнеше демократ келесі сайлауға түсуді қарастырып жатқанын хабарлағанымен, Клинтонның партия ішіндегі бәсекеде жеңіп шығу мүмкіндігі мол.

Республикашылдар партиясынан сайлауға түсуге 20-дан астам адам ниет білдірген. Оның ішінде Флорида штатының бұрынғы губернаторы, АҚШ-тың 40-президенті Джордж Буштың ұлы Джеб Буш та бар.

XS
SM
MD
LG