Accessibility links

Ресей Йеменнен шетелдіктерді эвакуациялады


Ресейлік әскери кеме Йеменнің Аден портынан бірнеше елдің 300-ден астам азаматын эвакуациялады. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, кемеде ресейліктер, 18 америкалық, бес британдық, Йеменнің 159 азаматы және Таяу Шығыс пен постсоветтік елдердің азаматтары бар. 12 сәуір күні түнге қарай кеме Джибутиге аттанған.

Ресейдің Йемендегі елшілігінің өкілдері "Интерфакс" агенттігіне ресейлік екі ұшақ Йемен астанасы Сана қаласынан ресейліктер мен өзге шетел азаматтары - барлығы 350 адамды алып ұшқанын хабарлаған.

Йеменде елдің біраз бөлігін басып алған шииттік хусит көтерілісшілерінің шабуылына байланысты шет мемлекеттер бұл елден азаматтарын әкетіп жатыр.

Сауд Арабиясы бастаған араб елдері коалициясы хуситтер позициясына қарсы әуеден соққы беріп жатыр.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG