Accessibility links

Джавад Зариф Астанада Назарбаевпен кездеседі


Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф бүгін Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізеді.

Астанада Джавад Зариф Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесіп, екі ел қарым-қатынасын нығайту және аймақтық мәселелерді талқылайды.

Джавад Зариф бұған қоса Қазақ гуманитарлық заң университетінде студенттерге дәріс оқымақ.

2014 жылдың қыркүйегінде Иран президенті Хассан Роухани Қазақстанға сапармен келіп, Қазақстанмен түрлі салада екіжақты байланысты нығайту жайын талқылаған. Нұрсұлтан Назарбаев сапары кезінде Иранды Каспий теңізі аймағындағы сенімді серік деп атаған.

XS
SM
MD
LG