Accessibility links

Калачидің екі тұрғыны ауруханаға түсті


Калачи ауылындағы зерттеу комиссиясының көлігі. Ақмола облысы, 7 қыркүйек 2014 жыл.

Калачи ауылындағы зерттеу комиссиясының көлігі. Ақмола облысы, 7 қыркүйек 2014 жыл.

Ақмола облысының Калачи ауылында бір әйел мен үш жастағы қыз белгісіз "ұйқы дертіне" шалдығып ауруханаға жатқызылды. Тұрғындар Есіл аудандық ауруханасына 12 сәуір күні кешкілік жеткізіліп, оларға "этиологиясы белгісіз энцефалопатия" деген диагноз қойылған.

Калачи ауылы мен оған іргелес Красногорский ауылында соңғы жылдарда ондаған тұрғын "ұйқы дерті" белгілерімен ауруханаға түскен. Науқастар дел-сал болып, бастары ауырып, есте сақтау қабілеті нашарлап, ұйқы басатынын айтып шағымданған. Бұған дейін бірнеше комиссия мен жүргізілген зерттеулер белгісіз дерттің нақты себептерін әлі анықтай алмады.

Таяуда Астанада жұмыс сапарымен болған БҰҰ-ның улы қалдық заттар жөніндегі арнайы өкілі Башкут Тунчак Қазақстан билігін Калачи тұрғындарын басқа жаққа көшіруге шақырған.

XS
SM
MD
LG