Accessibility links

Министрлік: Қызылшамен ауырғандар саны артты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда 2015 жылдың алғашқы тоқсанында қызылшамен сырқаттанғандар саны өткен жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда 13 есеге артты деп хабарлады бүгін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Биыл қаңтар мен наурыз айларында 1121 адам қызылшамен сырқаттанған. Ал өткен жылдың осы мерзімінде 84 адам ғана қызылшамен ауырған. Министрліктің ақпраатына қарағанда, қызылшаға шалдығудың басты себептерінің бірі - оған қарсы екпе салудың тоқтатылуы болып отыр.

Өткен аптада министрлік Қазақстанда ақпан айының ортасында басталған қызылшаға қарсы екпе салудан кейін Маңғыстау, Қарағанды, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 396 жасөспірім өздерін жайсыз сезініп дәрігерлерге жүгінгенін, олардың 264-і ауруханаға жатып шыққанын хабарлаған. Министрлік Үндістанның "Serum Institute of India" компаниясы шығарған "Vero" вакцинасына тексеру жүргізіп, физика-химиялық және биологиялық көрсеткіштері нормативтік талаптарға сай келетінін айтқан.

Вакцинаны "идентификация" және "өзіндік ерекшелік" көрсеткіштері бойынша тексеру үшін үндістандық компаниядан "Vero" клеткасысының реагенті алынған. Бұл сараптама қорытындысы 20 сәуірде дайын болмақ

Екпе алған оқушылар денсаулығына жаппай шағым айтып, дәрігер көмегіне жүгінген соң қызылшаға қарсы екпе салу мамырдың 4-іне дейін тоқтатылған. Оған дейін вакцина сапасына жүргізілген сараптаманың толық қорытындысы қорытындысы шығуы тиіс.

XS
SM
MD
LG