Accessibility links

Бірнеше облыста су тасқынынан жол жабылды


Павлодар облысының Баянауыл ауданында болған су тасқыны. 12 сәуір 2015 жыл. (Сурет Павлодар облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды).

Павлодар облысының Баянауыл ауданында болған су тасқыны. 12 сәуір 2015 жыл. (Сурет Павлодар облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды).

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бүгін еріген қар суының кейбір жол бөліктерін шайып кетуіне байланысты жол қозғалысы ішінара тоқтатылды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ақпраатына қарағанда, ауа температурасының күрт көтеріліп, қарды жылдам еруіне байланысты Қарағанды мен Ақмола облыстарында су тасу қаупі туындаған. Бұдан өзге, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында да су басу байқалуда.

Тек Қарағанды облысында ғана жеті ауданның 24 елді мекені мен Теміртау қаласында құтқару жұмыстары жүргізіліп, су басқан аймақтардан жүздеген адам эвакуацияланған. Төтенше жағдайлар комитеті облыс тұрғындарынан тұрғылықты жерінен қашыққа шықпауға, малдарын Нұра, Есіл өзендері алабына жаймауға және азық-түлік қорын сақтау шараларын жасауға шақырады.

XS
SM
MD
LG