Accessibility links

Шығыс Қазақстанда Саржал ауылын су басты


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданына қарасты Саржал ауылын су алып кетті. Ауыл әкімінің орынбасары Жұмабай Асқаровтың Азаттыққа айтуынша, тау ішіндегі қардың күрт еруі салдарынан ауыл шетінен өтетін Шаған өзені арнасынан асып, ауыл ішіне жайылып кеткен.

- Арнасынан асып кеткен су ауылдың шетіндегі 50 шақты үйдің ауласына кіріп кетті. Қазір аудан мен Семейден көмек келген. Бірақ арнасынан асқан өзенді әлі тоқтата алмай жатырмыз, - деді Жұмабай Асқаров. Әкім орынбасарының сөзінше, әзірге мал шығыны мен судан зардап шеккендер жоқ.

Соңғы тәліктерде Қарағанды облысындағы бірнеше елді мекенді су басып, жүздеген тұрғын эвакуацияланған. Су тасқынына ауа температурасының күрт көтерілуі себеп болып отыр.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG