Accessibility links

Вице-министр: Ресеймен сауда соғысы жүріп жатқан жоқ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Қазақстан мен Ресей арасында сауда соғысы жүріп жатқан жоқ" деп мәлімдеді бүгін ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев. Бұл мәлімдемесін ол Қазақстанда ресейлік бірнеше азық-түлік өнімін "техникалық регламентке сай келмейді" деп сатуға тыйым салынғанына байланысты айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Бізбен барынша тығыз байланыс орнатып отырған достас елдер бар. Сонымен қатар бізге өзінің сапасыз өнімін жөнелтетін кейбір кәсіпорындар да бар. Біз сапасыз тауардың үстелімізде тұрғанына төзе алмаймыз" деген.

Өткен аптада тұтынушылар құқығын қорғау комитеті ресейлік бірнеше кондитерлік және май, сүт өнімдерінің "техникалық регламентке сай келмейтінін" айтып, тауарлардың Қазақстандағы сауда орындарынан алынып жатқанын хабарлаған.

Наурыз айының соңында комитет дәл осындай себеппен Қазақстанда ресейлік бірнеше өндірушінің ет өнімдері сатылуына тыйым салынғанын хабарлаған.

Роспотребнадзор мекемесі де өткен аптада қазақстандық бірнеше азық-түлік түрінің "нормативтік талаптарға сай келмейтінін" хабарлаған.

XS
SM
MD
LG