Accessibility links

Алматыда Көктөбе маңы өртенді


Көктөбе маңындағы өрт. Алматы, 13 сәуір 2015 жыл. жыл.

Көктөбе маңындағы өрт. Алматы, 13 сәуір 2015 жыл. жыл.

Алматының оңтүстік-шығысындағы Көктөбенің айналасында қураған ағаш пен қурай өртеніп жатыр. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, өрт аумағы болжаммен 1-2 гектар аумақты құрайды. Өрт туралы ақпарат күндізгі сағат 12 шамасында түскен.

"Өрт сөндірушілер өртті өшіріп жатыр, бірақ жылдамдықпен соққан жел өртті өшіруге аздап кедергі келтіріп жатыр. Әзірге зардап шеккендер, бүлінген ғимарат, нысан туралы мәлімет жоқ. Толық ақпарат бір сағаттың шамасында болады" деді департаменттен.

Өрттің себептері жайлы әзірге айтылмайды.

XS
SM
MD
LG