Accessibility links

Украинадағы майдан шебінен танктерді әкету келісілді


Франция, Украина, Германия және Ресей сыртқы істер министрлері (солдан оңға қарай): Лорен Фабиус, Павел Климкин, Франк-Вальтер Штайнмайер, Сергей Лавров. Берлин, 13 сәуір 2015 жыл.
Франция, Украина, Германия және Ресей сыртқы істер министрлері (солдан оңға қарай): Лорен Фабиус, Павел Климкин, Франк-Вальтер Штайнмайер, Сергей Лавров. Берлин, 13 сәуір 2015 жыл.

Ресей, Украина, Германия және Франция сыртқы істер министрлері Украинаның шығысындағы әскери іс-қимылдар шебінен қару-жарақты әкетуді жалғастыра беруге уағдаласты. Берлинде 13 сәуір күні өткен келіссөзден кейін журналистер алдында сөйлеген Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер "Біз бүгін тек ауыр қару-жарақтарды ғана емес, басқа да қару түрлерін, оның ішінде танктерді де әкетуге келістік" деді.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың сөзінше, министрлер бұл жолы "танктер мен ату калибрі 100 миллиметрден аз әскери техникаларды әкету жайын қарастыруға келіскен".

Украинаның шығысында 2014 жылдың сәуірінен бері үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қарулы қақтығыстардан алты мыңнан астам адам құрбан болды. Биыл ақпанда Минскіде Германия мен Францияның арағайындық етуімен қақтығысты тоқтату келісімі жасалғанымен, Донбастағы жағдай әлі де шиеленіскен күйі қалып отыр.

XS
SM
MD
LG