Accessibility links

Пәкістан: Йемен дағдарысын дипломатиямен шешкен жөн


Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф.
Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф.

Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф "Йемендегі дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге бар күш-жігерін жұмсайтынын" мәлімдеді. Парсы шығанағы елдері Исламабадты Йемендегі шииттік хусит көтерілісшілеріне қарсы әуеден соққы беріп жатқан Сауд Арабиясы бастаған коалицияға қосылудан бас тартқаны үшін сынаған.

Пәкістан парламенті өткен аптада Сауд Арабиясының әскер мен авиация жіберу өтінішін қабылдамай тастаған. Наваз Шарифтің сөзінше, "Йеменде бейбітшілік орнату жолындағы маңызды қадам - президент Абд-Раббу Мансур Хадидің билігін қалпына келтіру" болмақ.

Хуситтер өткен жылдың күзінен бері Йеменнің біраз бөлігін, оның ішінде ел астанасы Сананы басып алған соң, Сауд Арабиясына қашып баруға мәжбүр болған. Шариф бұған қоса, Иранды "ықпалын пайдаланып, хуситтерді келіссөзге келтіруге" шақырды.

Өткен аптада Пәкістан премьер-министрі Йемендегі дағдарысты шешу жайын Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен талқылаған.

XS
SM
MD
LG