Accessibility links

Ирак әскері Анбар өңірін қайтару операциясын бастады


Анбар провинциясындағы Ирак әскерилері. 27 наурыз 2015 жыл.
Анбар провинциясындағы Ирак әскерилері. 27 наурыз 2015 жыл.

Ирак қауіпсіздік күштері елдің батысындағы Анбар провинциясының "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы бақылауындағы территориясын азат ету операциясын жүргізіп жатыр.

Әуе күштері қолдаған құрлықтағы әскер 13 сәуір күні провинция орталығы Рамади қаласының солтүстік-шығысындағы Бу-Фаррадж аймағына қарай дендей кірді. Кейбір ақпараттар бойынша, ұрыста кемінде 13 содыр мерт болған.

Рамадидің оңтүстігіндегі Хауз және басқа да жақын аудандарда қауіпсіздік күштері үш содырды қоршауға алып, көзін жойған.

Қауіпсіздік күштері Рамадидің батысында да шабуылға шығып, 11 содырды жойған.

Анбар провинциясы тұрғындарының көпшілігі - сүнниттер. Бұл өңірдің көп бөлігін "Ислам мемлекеті" қарулы тобы басып алған.

Ирак әскері осы айдың басында Бағдадтан солтүстікке қарай 140 километр қашықтықтағы Тикрит қаласын содырлардан қайтарып алған.

XS
SM
MD
LG