Accessibility links

ОСК тағы 44 шетелдік бақылаушыны тіркеді


Қазақстан президентіне сайлау туралы үгіт-насихат билборды. Астана, 8 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан президентіне сайлау туралы үгіт-насихат билборды. Астана, 8 сәуір 2015 жыл.

Орталық сайлау комиссиясы халықаралық және шетелдік тағы 44 өкілді кезектен тыс президент сайлауына бақылаушы етіп тіркеді.

ОСК мүшесі Татьяна Охлопкованың хабарлауынша, 44 бақылаушының 25-і - ТМД бақылаушылар миссиясынан, бесеуі – ЕҚЫҰ-ның Адам құқықтары және демократиялық институттар бюросынан, үшеуі - Түркі тілдес елдер ынтымақтастығы кеңесінен, үш бақылаушы - Қытайдан, екі өкіл - Молдовадан, Хорватия мен Бельгиядан бір-бір бақылаушыдан тіркелген.

Жалпы бүгінге дейін сайлауға бақылау жасауға ЕҚЫҰ, ТМД және ШЫҰ (Шанхай ынтымақтастық ұйымы), Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен, Түркі тілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеясы мен 33 мемлекеттен 495 бақылаушы тіркелген.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуір күні өтеді. Сайлауға шетелдек бақылаушыларды тіркеу 20 сәуір күні аяқталады.

XS
SM
MD
LG