Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы Ирактаңы аумағы шамамен 17 мың шаршы километр басып алған жерінен айырылған.

Пентагонның ақпаратына қарағанда, "Ислам мемлекеті" содырларын АҚШ бастаған коалиция әуе соққылары арқылы және Ирак әскері шабуылдарымен тықсырған.

Пентагонның баспасөз хатшысы полковник Стив Уоррен кеше "Ислам мемлекеті" содырлары басып алған аумақтардағы майдан шебі Ирактың оңтүстік және батыс бөлігіне қарай ығысқанын" айтты.

Дегенмен, "Ислам мемлекеті" содырлары Ирактағы Синджар провинциясының оңтүстік-батыс бөлігінен солтүстіктегі Мосул қаласына дейін созылатын үлкен аумаққа әлі де иелік етіп отыр.

Стив Уоррен содырлар Сириядағы ықпалын сақтап отырғанын айтады. ИМ Кобани қаласына жақын территориялардан айырылып қалғанымен, Хомс пен Дамаск қаласы маңындағы территорияларды басып алған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG