Accessibility links

Хакасияда өрт құрбандары саны 23-ке жетті


Хакасияның Абакан қаласы маңындағы өрт. Ресей, 12 сәуір 2015 жыл.

Хакасияның Абакан қаласы маңындағы өрт. Ресей, 12 сәуір 2015 жыл.

Хакасияда өрттен қаза тапқандар саны 23-ке жетіп, қаралы күн жарияланды. Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, ондаған қала мен елді мекенді шарпыған өрттен зардап шеккендер саны 900 адамнан асып кеткен. Негізгі болжам бойынша, өрт қураған ағашты өртеуден туындап, жалын күшті желден өзге де аумақтарға жылдам тараған.

Мың жарымнан астам үй толықтай немесе ішінара жанып,кемінде бес мың адам баспанасыз қалған. Ресейдің басқа да аймақтары - Алтай аймағы, Тыва, Забайкалье, Красноярск өлкесі мен Иркутск өлкесінде де үйлер қирап, тұрғындар эвакуациялана бастаған. Забайкалье өлкесінде өрт 24 мың гектар аумақты шарпып, 3 адам қаза тапқан.

Приморск өлкесі мен Амур облысында күн ысып, табиғи өрт туындауы қаупінен ерекше өртпен күрес режимі жарияланған.

Ал Қытайдың Xinhua агенттігі өрт Қытаймен шекарадан өтіп, Ішкі Моңғолия аймағына қарай енгенін хабарлады. Мұнда өрттен Эргун қаласында 30 үй өртеніп, техникалар бүлінген. Құрбан болғандар туралы ақпарат түскен, қазір өрт сөндірушілер өртті өшірумен шұғылданып жатыр.

XS
SM
MD
LG