Accessibility links

Алматыда велотакси қызмет көрсете бастады


Алматыда пайда болған жаңа қоғамдық көлік түрі - велотакси. 14 сәуір 2015 жыл.
Алматыда пайда болған жаңа қоғамдық көлік түрі - велотакси. 14 сәуір 2015 жыл.

Алматыда бүгін қала үшін жаңа қоғамдық көлік құралы - велотакси пайда болды. Әзірге Алматыда мұндай 10 такси қаланың орталық бөлігінде ғана жүреді.

Велотакси жүргізушілерінің Азаттыққа айтуынша, такси бүгін тұрғындарды тегін тасымалдайды. Бірақ ертеңнен бастап такси қызметі ақылы болады. Велотакси жүргізушісінің сөзінше, такси бағасы баратын жердің қашықтығына байланысты және ол әдеттегі таксилердің бағасына бара-бар болмақ.

Велотакси шанағында "26 сәуір #Мен дауыс беремін" деп жазылған. Велотакси жүргізушісінің үстіне киген футболкасында да осындай жазу бар. Жаңа такси жүргізушілері осылайша қалалықтарды кезектен тыс сайлау күні дауыс беру бөлімшелеріне баруға үгіттеп жүр.

Қоғамдық көліктің жаңа түрін қолданысқа енгізу қалалық әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылған.

XS
SM
MD
LG