Accessibility links

Азаптаудан сақтандыру кеңесіне жаңа 2 мүше сайланды


Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл комиссиясының отырысы. Астана, 14 сәуір 2015 жыл. (Сурет адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметінен алынды).
Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл комиссиясының отырысы. Астана, 14 сәуір 2015 жыл. (Сурет адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметінен алынды).

Бүгін Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асхат Шәкіров төрағалық ететін комиссия азаптауға қарсы ұлттық сақтандыру механизмін үйлестіру кеңесінің жаңа екі мүшесін сайлады. Бұл жөнінде адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі хабарлады. Комиссия адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы үйлестіру кеңесіне 2015 жылдың соңына дейінгі мерзімге үкіметтік емес құқық қорғау ұйымынан жаңа екі мүшесін сайлаған.

Шәкіровтің үйлестіру кеңесі мүшелерін сайлау жөніндегі комиссия отырысында айтуынша, 2014 жылы халықаралық сарапшылар азаптаудан сақтандыру механизміне қатысушылар мен мемлекеттік орган өкілдеріне бірнеше тренингтер өткізген. Ұлттық азаптауға қарсы механизмді дамытудың үш жылдық шаралар жиынтығы Еуропа Одағы мен Еуропа Кеңесінің Қазақстандағы әділ сот жүйесін қолдау туралы жаңа жобасына енгізілген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 2014 жылы Ұлттық азаптаудан сақтандыру механизмі мүшелері 277 жабық түрмеге барған.

XS
SM
MD
LG