Accessibility links

БҰҰ Йемен хуситтеріне қару-жарақ эмбаргосын жариялады


Йемен территориясын атқылап жатқан Сауд Арабиясы артиллериясы. 13 сәуір 2015 жыл.
Йемен территориясын атқылап жатқан Сауд Арабиясы артиллериясы. 13 сәуір 2015 жыл.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Йеменнің көпшілік бөлігін бақылайтын шииттік хусит көтерілісшілеріне қару-жарақ тасымалдауға эмбарго енгізді. Эмбаргоны кеңестің 14 мүшесі қолдап дауыс берді. Ресей Иордания дайындаған қарар жобасына ұсыныстары қабылданбай қалғанын мәлімдеп, эмбарго енгізуге қарсылық білдірді.

Өткен айда Сауд Арабиясы бастаған араб елдері коалициясы Йемендегі хуситтерге қарсы әуе шабуылдарын бастаған. Йемен билігінің мәлімдеуінше, хуситтерге Иран қолдау көрсетеді. Исламның шииттік бағытын ұстанатын хуситтер өткен жылдың қыркүйегінде Йеменнің көпшілік бөлігін, оның ішінде ел астанасы Сананы басып алып, президент Абд-Раббу Мансур Хадиді қашып кетуге мәжбүр еткен.

14 сәуір күні Мадридте жүрген Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Тегеран Йемендегі қақтығысты тоқтатып, шетелдік державалардың арағайындығымен келіссөз өткізу жоспарын ұсынатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG