Accessibility links

Забайкальедегі өрт аумағы 57 мың гектарға жетті


Забайкалье өлкесіндегі өрт. Ресей, 13 сәуір 2015 жыл.
Забайкалье өлкесіндегі өрт. Ресей, 13 сәуір 2015 жыл.

Ресейдің Забайкалье өлкесіндегі өрт аумағы 57 мың гектарға жетті деп хабарлады Ресей ауылшаруашылық министрлігі. Өлкенің 18 ауданында 112 жерде өрт болып жатыр.

Министрлік өлкеде өрт сөндірумен айналысып жатқан орманды әуеден қорғау тобының 145 қызметкеріне қоса тағы 100 адам жөнелтетінін айтады.

Ведомство бұған қоса орманда от жақпау тыйымын елемеген жергілікті тұрғындарды да айыптайды. Тек 13-14 сәуір күндері өлке ормандарында тұрғындардың жауапсыздығынан жаңа 119 өрт шыққан.

XS
SM
MD
LG