Accessibility links

АҚШ Кубаны терроризмді қолдайтын елдер тізімінен шығармақ


Куба президенті Рауль Кастро (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама Америка саммитінде. Панама, 11 сәуір 2015 жыл.

Куба президенті Рауль Кастро (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама Америка саммитінде. Панама, 11 сәуір 2015 жыл.

АҚШ президенті әкімшілігі президент Барак Обама Кубаны терроризмді қолдайтын елдер тізімінен шығаратынын мәлімдеді.

Сәуірдің 14-інде Конгресске жолдаған хатында Обама Кубаның коммунистік үкіметі соңғы алты айда "халықаралық терроризмге ешқандай қолдау білдірмегенін" айтқан. Обама бұған қоса Гавана "болашақта да халықаралық терроризмді қолдамайтынына кепілдік бергенін" айтан.

Куба сыртқы істер министрлігі АҚШ билігінің шешімін "әділетті" деп бағалады.

Барак Обама мен Куба президенті Рауль Кастро 11 сәуірде Панамада өткен Америка саммитінде бірінші рет кездескен. Екі ел басшыларының мұндай жоғары деңгейлі басшыларының кездесуі соңғы 50 жылдан астам уақыттан бері болмаған.

Кубаның халықаралық терроризмді қолдайтын елдер тізімінде болуы Вашингтон мен Гавана арасында дипломатиялық байланыс орнатып, елшілік ашуда басты кедергі болып тұрған. Терроризмді қолдайтын елдер тізімінде Иран, Судан, Сирия сияқты мемлекеттер бар.

XS
SM
MD
LG