Accessibility links

Германияда G7 министрлері кездеседі


Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер. Берлин, 14 сәуір 2015 жыл.
Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер. Берлин, 14 сәуір 2015 жыл.

Әлемнің дамыған жеті мемлекетінің (G7) сыртқы істер министрлері бүгін Германияның Любек қаласына екі күндік келіссөзге жиналып жатыр.

Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайердің айтуынша, кездесуде Украина дағдарысын шешу жолдары және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелер талқыланбақ.

G7 тобына Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония және АҚШ кіреді.

Бұған дейін G8 деп аталған топ құрамынан өткен жылы Ресей Қырымды аннексиялап алғаны үшін шығарылған. Саммит қарсаңында Штайнмайер Ресейдің топ құрамына қайта қосылуы Украинадағы дағдарыстың шешілуіне байланысты екенін айтып, "Мәскеу дағдарыстың аяқталуына ықпал етуі тиіс" деген.

Штайнмайер Мәскеу басқа да халықаралық мәселелерді шешуге қатысуы үшін дереу саясатын өзгертуі қажет деген.

XS
SM
MD
LG