Accessibility links

Парламент табиғи монополия туралы заңға өзгерісті мақұлдады


Астанадағы Қазақстан парламенті ғимараты. (Көрнекі сурет).

Астанадағы Қазақстан парламенті ғимараты. (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісі бүгін сенаттың табиғи монополия мен нарықты реттеу туралы заңына енгізген түзетулері мен толықтыруларын мақұлдады.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, заңға өзгерістер қоғамдық көлікті модернизациялау, транспорт жүйелерін жобалау және қолданысқа енгізу үшін жасалған. Заң жобасында ақылы автотұраққа тоқтау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Қаладағы қоғамдық көлік тарифтерін қашықтығы, аялдамалар санына байланысты белгілеу үшін "Автокөлік транспорты туралы" заңдағы сараланған тарифті қарастыру ұсынылған.

Заң жобасы президенттің қол қоюына жіберілді.

XS
SM
MD
LG