Accessibility links

"Уральская неделя" журналисіне қозғалған іс тоқтады


 "Уральская неделя" газетінің журналисі Мария Ковалева.
"Уральская неделя" газетінің журналисі Мария Ковалева.

Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті "Уральская неделя" газетінің журналисі Мария Ковалеваның үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатты. Журналист Шығыс Украинадағы әскери іс-қимылдарға қатысқан адам туралы мақала жарияланғаннан кейін "көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінген.

Биыл ақпан айында Мария Ковалева Ресейге сапары кезінде пойызда бір ер адамнан сұхбат алған. Сұхбат беруші өзі "Украинадағы ресейшіл қарулы құрылымдардың сарбазы" болғанын, сол жатқа жараланып, басқа да сарбаздар сияқты "Оралдағы клиникалық ауруханада емделгенін" айтқан.

Облыстық ішкі істер департаменті журналистің үстінен "көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты" деген айыппен іс қозғаған. Алдын ала тергеу барысында журналиске сұхбат берген ер адамның ресми түрде Ресейден Қазақстанға келгені, кейін Ресейден Украинаға барғаны анықталған.

"Қылмыстық іс іс-әрекетте қылмыстық заң бұзушылық белгілері болмағандықтан тоқтатылды" делінген тергеушінің журналиске жіберген ескерту қағазында.

XS
SM
MD
LG