Accessibility links

Бішкекте наразы борышкерлерді милиция ұстап әкетті


Қырғызстан сомы. (Көрнекі сурет)

Қырғызстан сомы. (Көрнекі сурет)

Қырғызстан милициясы Бішкекте несие ұйымдарының борышкерлеріне митинг өткізуге мүмкіндік бермеді. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, ұлттық валюта - сомның құнсыздануына наразы 20-ға тарта борышкер бүгін үкімет үйі алдына наразылық акциясына шықты.

Акцияға қатысушылар Қырғызстан Ұлттық банкінің қырғыз сомының тұрақты құнын ұстап тұру шараларын қабылдамағанына наразы. Милиция қызметкерлері наразылардың үкімет үйі қоршауына ілген плакаттарын жинап алып, өздерін милиция бөлімшесіне алып барған.

Бішкекте шетел валютасымен несие алғандар бірінші рет наразылық танытып отырған жоқ. Қырғызстанда коммерциялық банктердің көпшілігі несиені шетел валютасымен беретіндіктен АҚШ долларының бағамы өскенде несие төлемінің мөлшері де артады. Бұған дейін несиелерін өтей алмаған борышкерлер Ұлттық банк алдында және Бішкектегі Максим Горький атындағы саябақта қарсылық акциясын өткізген.

XS
SM
MD
LG