Accessibility links

Астанада Назарбаев Ердоғанмен кездеседі


Режеп Тайып Ердоғанның (сол жақта) Түркия премьер-министрі болып тұрған кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі. Астана, 23 мамыр 2012 жыл.
Режеп Тайып Ердоғанның (сол жақта) Түркия премьер-министрі болып тұрған кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі. Астана, 23 мамыр 2012 жыл.

Қазақстан президенті бүгін Астанада ресми сапармен келген Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі.

Астанаға сәуірдің 15-і кешке келген Ердоғанды әуежайдан Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған делегация күтіп алған. Ердоған Қазақстанға Түркия президенті ретінде ресми сапармен алғаш рет келіп отыр.

Бұған дейін Ақорда баспасөз қызметі қос президент жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысады деп хабарлаған.

Түркия президенті Қазақстанда бірнеше ірі мәдени-ағарту нысандарының, оның ішінде мешіттің ашылуына қатысады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG