Accessibility links

Киевте Жоғарғы Рада экс-депутатын атып кеткен


Украина парламентінің бұрынғы депутаты Олег Калашников.
Украина парламентінің бұрынғы депутаты Олег Калашников.

Киевте Украина парламенті - Жоғарғы Раданың бұрынғы депутаты Олег Калашниковты атып өлтіріп кеткен. Украина ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, экс-депутаттың жансыз денесі сәуірдің 15-і күні пәтеріне кіреберісте табылған. 52 жастағы Калашников Украина экс-президенті Виктор Януковичтің "Аймақтар партиясы" қатарында болған.

Ішкі істер министрлігі өкілі Антон Геращенконың сөзінше, марқұм "Антимайдан" қозғалысы туралы біраз ақпараттан хабардар болған. "Антимайдан" қозғалысы 2014 жылы ақпанда Янукович билігін құлатқан "Еуромайдан" шеруіне қатысушыларға қарсы тұрған.

"Антимайданды" кім және қалай қаржыландырғаны туралы Калашниковтың біраз нәрсені білгені күмәнсіз. Ол бұл құпияларды өзімен бірге ала кетті" деген Геращенко. Ол марқұмның ажалына "осы құпияларды білуі себеп болуы мүмкін" деген болжам айтады.

Экс-депутат Олег Калашниковтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG