Accessibility links

Сирияда тәжік полковнигінің ұлы қаза тапқан


Сирияның Ярмук елдімекенінде баррикада жанындағы "Ислам мемлекеті" тобының қара туы. 10 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Сирияның Ярмук елдімекенінде баррикада жанындағы "Ислам мемлекеті" тобының қара туы. 10 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Тәжікстанның отставкадағы милиция полковнигі Джумахон Мухторовтың айтуынша, Сирияда "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы жағында соғысып жүрген оның ұлы - 26 жастағы Диловар мерт болған. Мухторовтың Азаттықтың Тәжік қызметіне айтуынша, ұлының қазасы туралы оған мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері хабарлаған. Ол былтыр ұлы Сириядан телефон шалғанда оны үйге қайтуға көндіруге барынша тырысқанын айтады.

Кеше Тәжікстан билігі жастарды Сирияға баруға үгіттеп жүр деген күдікпен бір азаматтың тұтқындалғанын хабарлаған. Ресми ақпарат бойынша, Түркияда Кори Хусейн деген атпен белгілі болған күдікті Мәскеуде тұрып, Сирияға кемінде үш тәжік азаматын жөнелткен. Бірақ күдіктінің аты-жөні айтылмайды.

Халықаралық дағдарыстық тобының есебі бойынша, соңғы жылдары Орталық Азия елдерінен екі мыңнан төрт мыңға дейінгі адам содырлар қатарына қосылған.

XS
SM
MD
LG