Accessibility links

Ресей рублінің бағамы нығая түсті


Ресей рублі мен АҚШ доллары. (Көрнекі сурет)

Ресей рублі мен АҚШ доллары. (Көрнекі сурет)

2014 жылдың қарашасынан бері бірінші рет 1 АҚШ долларының бағамы 50 Ресей рублі деңгейінен төмендеді. Жыл басынан бері рубль 22 пайызға нығайған.

Әлемдік нарықта мұнайдың арзандауы, батыс елдерінің Украина дағдарысына қатысты Мәскеуге салған санкциялары рубльдің долларға шаққандағы бағамын арзандатып, былтыр желтоқсанның ортасында доллар құны 80 рубльге дейін көтерілген еді.

Сарапшылардың мәлімдеуінше, рубльдің нығаюына мұнай бағасының көтерілуі және Шығыс Украинадағы қақтығыстың бәсеңдеуі ықпал еткен.

Бірақ, сарапшылар Ресей Орталық банкі сәуір айының соңында негізгі пайыздық үстемені төмендетуді жоспарлап отырғандықтан, рубльдің нығаюы ұзаққа бармауы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG