Accessibility links

"Номер 44" фильмі Қазақстанда да көрсетілмейді


«Номер 44» (Child 44) фильмінің постері.

«Номер 44» (Child 44) фильмінің постері.

АҚШ және бірнеше Еуропа елдері бірігіп түсірген «Номер 44» (Child 44) фильмі дәл премьерасы болатын күні, яғни 16 сәуірде қазақстандық кинотеатрлар сеансынан алынып тасталды.

Афишаларда аталған фильм "бүгін болады" деп көрсетілген кинотеатр өкілдері елдегі кинопрокатпен айналысатын қазақстандық компаниядан хат алған соң фильмді алып тастағандарын ғана айтты. Өзін "кинотеатр администраторымын" деп таныстырған Star Cinemа өкілі әлгі хаттың мазмұнын айтудан бас тартты.

Бұған дейін «Номер 44» фильмі ресейлік прокаттан да алынып тасталғаны туралы хабарланған. Ресейлік Central Partnership компаниясының ресми сайтында "фильмде тарихи фактілер бұрмаланғандықтан" Ресей мәдениет министрлігінің осындай шешім қабылдағаны туралы баяндалған. Ресей мәдениет министрлігі жеңістің 70 жылдығы қарсаңында мұндай фильмді "көрсетуге болмайды" деп тапқан.

Триллер жанрында түсірілген фильм Сталин қайтыс болар алдында СССР-де болған оқиғаны баяндайды. Советтік қауіпсіздік қызметі өкілі қылмыскерді іздеу кезінде түрлі шытырман оқиғаларға тап болады.

Фильм сценарийі жас ағылшын жазушысы Том Роб Смиттің кітабы негізінде жазылған. Жазушы осы еңбегі үшін 2008 жылы британдық жазушы-криминалистер қауымдастығының арнайы сыйлығымен марапатталған.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG