Accessibility links

Шымкентте дәрігерлер конгресі өтіп жатыр


Дәрігерлердің республикалық екінші конгресі. Шымкент, 16 сәуір 2015 жыл.

Дәрігерлердің республикалық екінші конгресі. Шымкент, 16 сәуір 2015 жыл.

Шымкентте басталған дәрігерлердің республикалық екінші конгресіне 500-ден аса адам қатысып жатыр. Жиынға Қазақстанмен қоса Польша, Ресей және Украинадан денсаулық сақтау саласының мамандары, ғалымдар шақырылған.

Дәрігерлер жиынында Қазақстанның денсаулық сақтау саласын ары қарай дамыту мәселелерін, қазіргі заманғы медицинаның түрлі саласындағы диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін талқыға салып жатыр. Конгресс шеңберінде дәрі-дәрмектердің арнайы көрмесі де ұйымдастырылған.

Дәрігерлердің бірінші конгресі 2014 жылы Алматыда өткен.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG