Accessibility links

Павлодарда лауазымды шенеуніктер сотталды


Павлодар облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Арслан Әбдіқалықов пен әкім кеңесшісі Төлеген Бастенов "пара алды" деген айыппен 5 және 3,5 жылға сотталды. Бұл туралы Павлодардың қылмыстық сотына сілтеме жасаған "КазАқпарат" агенттігі хабарлады.

Шенеуніктерге "топтасып, ірі көлемде алаяқтық жасады, қызмет өкілетін асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған.

Сот үкімінде Әбдіқалықов пен Бастенов мектеп салуға қатысты өткен тендерді ұтып алушы құрылыс компаниясынан 8 миллион теңге пара алды деп жазылған.

XS
SM
MD
LG