Accessibility links

Киевте ресейшіл журналисті өлтіріп кетті


Киевте өлтірілген ресейшіл журналист Олесь Бузина.
Киевте өлтірілген ресейшіл журналист Олесь Бузина.

Киевте ресейшіл көзқарасты ұстанатын танымал журналист Олесь Бузинаны атып кеткен. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 45 жастағы Олесь Бузинаны 16 сәуір күні үйінің алдында бетперде киген екі ер адам атқан. Журналист "Сегодня" газетінде Кремльдің Украинаға қатысты саясатын қолдап мақалалар жазып жүрген. Былтыр ол "Русский блок" партиясы атынан Жоғарғы Рада сайлауына түскен, бірақ өте алмаған.

Журналистің өлімінен бірнеше сағат бұрын Киевте өз үйіне кіреберісте Жоғарғы Раданың экс-президент Виктор Януковичтің "Аймақтар партиясы" атынан сайланған бұрынғы депутаты Олег Калашников өлі күйінде табылған.

Ішкі істер министрлігі Бузина мен Калашниковтың "Антимайдан" қозғалысына қатысы болғандықтан екі өлімнің арасында байланыс болуы мүмкін дейді.

"Антимайдан" қозғалысы 2014 жылы ақпанда Виктор Янукович үкіметін биліктен кетірген "Еуромайдан" акциясына қарсы жұмыс істеген.

XS
SM
MD
LG