Accessibility links

Хакасияда өрт құрбандары саны 30 адамға жетті


Хакасияның Новокурск елді мекенінде өртеніп жатқан үйлер. Ресей, 12 сәуір 2015 жыл.

Хакасияның Новокурск елді мекенінде өртеніп жатқан үйлер. Ресей, 12 сәуір 2015 жыл.

Ресейдің Хакасия аймағында бір аптаға ұласқан табиғи өрттен құрбан болғандар саны 30 адамға жеткен. Тағы екі адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.

Соңғы мәліметтер бойынша, Хакасияда ауруханаларға 1072 адам медициналық көмек сұрап барып, оның 53-і жатқызылған.​ 1300-ден астам үй мен 33 елді мекен өрттен зардап шеккен. 4700-дей адам баспанасыз қалған.

Алдын ала есептеулер бойынша, өрттен келген шығын жеті миллиард рубльді құрайды.

Забайкалье мен Бурятия өлкелерінде орман және далалы жерлерде шыққан өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Өрт аумағы 100 мың гектерды құрап отыр.

Кеше өлкедегі мемлекеттік орман қызметі басшысының міндетін атқарушы Руслан Балагур "лауазымын теріс мақсатта пайдаланды" деген күдікпен ұсталған.

Забайкальеде соңғы үш тәулікте орман өртіне байланысты 25 қылмыстық іс қозғалған.

Соңғы төрт күнде 18 елді мекенде 200-ден аса үй өртенген.

XS
SM
MD
LG