Accessibility links

Қарағандының тоғыз ауданында төтенше жағдай жарияланды


Садовое ауылындағы су тасқыны. Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы. 15 cәуір 2015 жыл.
Садовое ауылындағы су тасқыны. Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы. 15 cәуір 2015 жыл.

Қарағанды облысындағы Шахтинск мен Сарань қалалары және тоғыз ауданда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды деп хабарлады бүгін Астанада өткен брифингте ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығы Алексей Советов.

Оның айтуынша, Абай ауданының Южное, Северное, Юбилейное және Көксу ауылдарына электр қуаты қайта беріліп, тұрғындар үйлеріне орала бастаған.

"Қазір Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысында Нұра мен Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты кем дегенде 15 елдімекенді, оның ішінде Нұра, Ағанас, Қойшы, Тайтөбе, Шнет, Кеңбидайық, Ұялы, Өркендеу ауылдарын су басу қаупі төніп тұр" деді Алексей Советов.

Бұған қоса ол су басқан Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында эвакуацияланған 15 мың адамның екі мыңға жуығы қазіргі уақытта үйлеріне қайтқанын айтты.

Бұған дейін Қазақстан үкіметі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар мен елдімекендерге 1 миллиард теңге бөлінетіні туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG