Accessibility links

Сел басқан ауылда екі адам өлді


Садовое ауылындағы су тасқыны. Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы. 15 cәуір 2015 жыл.
Садовое ауылындағы су тасқыны. Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы. 15 cәуір 2015 жыл.

Тасқын басқан Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин ауылында суды құрғатып, іздеу жүргізу кезінде екі егде адамның өлі денелері табылды. Марқұмдардың ерлі-зайыпты 76 жастағы Василина Вакулько мен 78 жастағы Юрий Вакулько екені анықталды. Олардың өліміне қатысты қылмыстық тексеру басталған.

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті егде адамдардың мал-мүлкін тастап шығудан бас тартып, ескертуге қарамастан үйлерінде қалып қойғанын хабарлады. Су деңгейі күрт көтерілген кезде соңғы мәрте үйлерді тексерген әскерилер ерлі-зайыптылар есіктерін ашпағанын айтқан. Олардың денелеріне сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. ТЖД марқұмдар "суға тұншығып өлген" деген әуелгі қорытынды жасаған.

Ғабиден Мұстафин ауылы әлі су астында жатыр. Ауылдағы 2352 тұрғын көшірілген, қалған екі мыңдайы өз күштерімен қашып шыққан.

XS
SM
MD
LG