Accessibility links

Шымкентте еңбек жәрмеңкесі өтті


Еңбек жәрмеңкесіне келген адамдар. Шымкент,18 сәуір 2015 жыл.

Еңбек жәрмеңкесіне келген адамдар. Шымкент,18 сәуір 2015 жыл.

Шымкентте бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Әбілқайыровтың Азаттыққа айтуынша, жәрмеңкеде 200-ге жуық кәсіпорын мен мемлекеттік мекеме 1300-ден аса бос жұмыс орнын ұсынып отыр. Жәрмеңкеге жұмыссыз ретінде тіркелген 3500-ге жуық адам шақырылған. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар, балалы әйелдер және сот үкімімен түзеу орындарында жазасын өтеп шыққандар да бар.

Марат Әбілқайыровтың айтуынша, Шымкентте жұмыссыздық деңгейі жалпы халық санынан 6,1 пайызын құрайды.

Билік өкілдерінің сөзінше, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Шымкентте жылына төрт рет ұйымдастырылады. Бұл – биылғы алғашқы еңбек жәрмеңкесі.

Шымкенттегі еңбек жәрмеңкесі туралы фотогалерея:

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG