Accessibility links

Шведова Боготадағы жарыстың жартылай финалында


Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова.
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова.

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Колумбияның Богота қаласында жүлде қоры 250 мың долларды құрайтын Copa Colsanitas жарысының жартылай финалына шықты.

Әлемнің 74-ракеткасы саналатын Шведова ширек финалда пуэрто-риколық Моника Пюигті (51-ракетка) 7:6, 6:2 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші ширек финалға дейін 21 жастағы украиналық Марина Заневска мен 19 жастағы америкалық Сачия Викериді ұтқан.

Шведованың жартылай финалдағы қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Боготадағы жарыстың финалы 19 сәуірде өтеді.

XS
SM
MD
LG