Accessibility links

Жеті мыңнан аса жан тасқыннан үйіне орала алмай отыр


Қарағанды облысы Сарытөбе ауылының мектеп ғимаратына көшірілген тұрғындары. 12 сәуір 2015 жыл.

Қарағанды облысы Сарытөбе ауылының мектеп ғимаратына көшірілген тұрғындары. 12 сәуір 2015 жыл.

Қазақстанда мыңнан аса үй әлі суда қалып отыр деп мәлімдеген бүгін тасқынға қатысты брифингте ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Алексей Советов. Бұл туралы Tengrinews сайты хабарлады.

Ол Ақмола облысының елді мекендеріне су басу қаупі төніп тұрғанын айтқан. Ресми мәліметтерде Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 186 үйді су басып, 179 үйдің судан арылғаны айтылған. Шығыс Қазақстан облысында су астында қалған 82 үйдің 40-ы судан тазаланған. Қарағанды облысында 2030 үйді су басып, 56 үй қираған. Тасқын басталғалы бері 23 шақырымнан асатын жолды су алған немесе бүлдіріп кеткен.

Тасқын салдарынан тұрғылықты жерінен эвакуацияланған 15 518 адамның 7825-і үйлеріне қайтып оралған. Ал 7693 тұрғын әлі де эвакуациялық орындар мен туыстарының үйінде деп хабарлайды Tengrinews сайты.

XS
SM
MD
LG