Accessibility links

Коалиция күштері Сирия мен Иракта ИМ-ге соққы берген


Үкімет күштері мен ИМ тобы арасында ұрыс жүріп жатқан Ирактың солтүстігіндегі Байджидегі көрініс. 16 сәуір 2015 жыл.
Үкімет күштері мен ИМ тобы арасында ұрыс жүріп жатқан Ирактың солтүстігіндегі Байджидегі көрініс. 16 сәуір 2015 жыл.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы операция жүргізіп жатқан халықаралық біріккен коалиция күштері сәуірдің 17-18 күндері Сирия мен Ирак жерінде исламшыл содырларға әуеден соққылар берген.

Коалиция басшылығының мәлімдемесінде Сирияда шабуылдаушы және бомбалаушы әскери ұшақтар содырлар позицияларына жеті рет, ал Ирак жерінде шабуылдаушы ұшақтар мен пилотсыз аппараттар он үш рет әуеден соққы бергені туралы айтылған.

Ирак билігі сәуірдің 18-і күні елдің солтүстігінде Байджиде орналасқан мұнай өңдеу зауытының көп бөлігіне бақылау орнатқаны жайлы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG