Accessibility links

Шведова Боготадағы турнирдің финалына шықты


Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Колумбиядағы жарыста. Богота, 17 сәуір 2015 жыл. (Сурет жарыстың ресми сайтынан алынды)

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Колумбиядағы жарыста. Богота, 17 сәуір 2015 жыл. (Сурет жарыстың ресми сайтынан алынды)

Колумбияның Богота қаласында өтіп жатқан Copa Colsanitas теннис жарысының жартылай финалында қазақстандық Ярослава Шведова алаң иесі Мариане Дуке-Мариноны (әлемнің 134-ракеткасы) ұтты.

Шведова мен Дуке-Марино арасында 2 сағат 13 минут жалғасқан бұл ойындағы үш сеттегі есеп 6:4, 3:6 және 6:4 болып қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталған.

27-жастағы Ярослава Шведова енді финалда бразилиялық теннисші Телиано Перейрамен (130-ракетка) кездеседі. Перейра жартылай финалда украиналық Элина Свитолинадан басым түскен.

Жүлде қоры 250 мың долларды құрайтын Copa Colsanitas жарысы бүгін, сәуірдің 19-ы күні аяқталады.

Ярослава Шведова WTA категориясына енетін турнирдің финалына алғаш рет 2007 жылы шыққан. Сол жылы ол Италияда өткен Bangalore Open жарысының финалда Мара Сантангелоны жеңген.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG