Accessibility links

Мәскеуде жалғыз адамдық пикеттер өтті


Наразылық пикетінде "Саяси тұтқындарға бостандық берілсін" деген жазу ұстап тұрған адам. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

Наразылық пикетінде "Саяси тұтқындарға бостандық берілсін" деген жазу ұстап тұрған адам. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

Мәскеуде бүгін оппозиция белсенділері жалғыз адамдық пикеттер өткізді. «ОВД-Инфо» сайтының ақпараты бойынша, Тверь көшесінде пикетке қатысқан төрт адам – Павел Кузнецов, Михаил Лашкевич, Виктор Андреев және Ирина Калмыкова ұсталған. Кузнецов пикетте қолына «Путин – бүгінгі Гитлер» деген жазу ұстап тұрған. Ұсталғандарды артынан босатқан деп хабарлады Азаттықтың Орыс қызметі.

Бұған дейін қала билігі Мәскеудің орталығында «Бейбітшілік пен азаттық шеруін» өткізуге рұқсат бермей қойған соң оппозиция қала орталығында жалғыз адамдық пикеттер ұйымдастырып, соңынан оппозициялық саясаткер Борис Немцов қастандықпен өлтірілген жерге гүл қоюды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.

Мәскеу билігі қала орталығында рұқсат етілмеген наразылық акциясын өткізгендер жауапқа тартылатыны жайлы бүгін оппозицияны ескерткені хабарланған еді. Мәскеу қалалық аймақтық қауіпсіздік және коррупцияға қарсы іс-қимыл департаментінің жетекшісі Алексей Майоровтың Интерфакс агенттігіне мәлімдеуінше, қала басшылығы ешқандай форматта акциялар өтпеуін ескертіп, құқық органдарынан жағдайды бақылауға алуды сұраған.

Мәскеудегі жалғыз адамдық наразылық пикеттері:

XS
SM
MD
LG