Accessibility links

ИМ "эфиопиялық 28 христианды өлтіргенін" мәлімдеді


"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Ливияда ұрлап әкеткен 28 эфиопиялық христианды "өлтіргені" жайлы видеосын жариялады. Интернетте тараған видеоның 29-минутында 12 ер адамның басы алынып, қалған 16-сын атып өлтірілгені көрсетіледі. Видео мәтінінде құрбандардың барлығы "жау эфиопия шіркеуінің мүшелері" екені айтылады.

Видео бұған дейін таратылған египеттік 21 копт христиандарының өлтірілгені туралы видеоматериалға ұқсайды.

ИМ экстремистік топтар мен үкімет күштері арасында қақтығыс күшейген Ливиядағы саяси тұрақсыздықты пайдаланып, бұл елдегі позициясын нығайта түскен.

XS
SM
MD
LG