Accessibility links

Польша FBI басшысы сөзіне наразылық білдірді


АҚШ Федералдық тергеу бюросының директоры Джеймс Коми.

АҚШ Федералдық тергеу бюросының директоры Джеймс Коми.

Польша АҚШ елшісі Стивен Мулды сыртқы істер министрлігіне шақыртып, АҚШ Федералдық тергеу бюросы (немесе FBI) директоры Джеймс Комидің "поляктар нацистердің сыбайласы болған" деген сөзіне наразылығын білдірді.

Польша сыртқы істер министрі Лешек Сочевиц АҚШ-тың "ресми түрде кешірім сұрауын" да талап еткен. 16 сәуір күні Washington Post басылымында жарияланған Холокостқа арналған мақалада Джеймс Коми "поляктар кезінде нацистердің сыбайласы болған" деген пікір айтқан.

Польша сыртқы істер министрімен кездесуден соң Стивен Мул оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Федералдық тергеу бюросымен байланысатынын мәлімдеді. Бұған дейін Стивен Мул Комидің сөзін "қате, қорлайтын пікір" және "АҚШ билігінің ұстанымына сай келмейді" деп атаған.

Нацистік Германия Польшаны 1939-1945 жылдары басып алған. Польша территориясында бірнеше концлагерь салынып, оларда миллиондаған еврей, поляк және басқа да ұлттар қырылған. Польша - АҚШ-тың Еуропадағы жақын одақтастарының бірі. Украинадағы дағдарыс пен Ресеймен қарым-қатынас шиеленіскен тұста АҚШ пен Польшаның екіжақты қарым-қатынастары одан ары нығая түсті.

XS
SM
MD
LG