Accessibility links

Норвегия Рогозиннің Арктикадағы аралға барғанына наразы


Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин.
Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин.

Норвегия Ресейден премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозиннің Норвегияның Арктикадағы Свальбард аралына баруына қатысты түсінік беруді талап етті. Норвегия сыртқы істер министрі Фроде Андерсен Рогозиннің аралға сапарын "өкінішті" деп атады. Рогозин Свальбард аралына ресейлік полярлық станцияның ашылуына қатысу үшін барған.

Фроде Андерсеннің айтуынша, өткен жылы Ресейдің Ослодағы елшілігіне Еуропа Одағы мен Норвегия санкциясы салынған ресейліктердің "Свальбардқа баруының жөнсіз" екені ескертілген.

Рогозиннің Twitter-дегі аккуантында 18 сәуір күні Свальбард әуежайында түскен суреті жарияланған. Свальбардта Ресейдің Баренцбург шахтасы орналасқан. Андерсеннің сөзіне қарағанда, норвег үкіметі Свальбардқа келетіндер үшін тәртіпті қатаңдатпақ ниетте.

XS
SM
MD
LG