Accessibility links

ЕО заңсыз миграция мәселесін талқылайды


Жерорта теңізінде суға батқан кемедегі мигранттарды құтқару операциясы. Италия, 19 сәуір 2015 жыл.
Жерорта теңізінде суға батқан кемедегі мигранттарды құтқару операциясы. Италия, 19 сәуір 2015 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) елдері сыртқы істер министрлері бүгін Люксембургте заңсыз миграция мәселесін талқылайды.

ЕО шенеуніктері заңсыз миграция мәселесін Жерорта теңізінде кеме апатқа ұшырап, 700 мигранттың қаза табуынан бірер күннен кейін талқылайын деп отыр. Ұзындығы 20 метр болатын балық аулайтын кеме Ливия жағалауларынан 100 километр қашықтықта апатқа ұшырап, суға батқан. Қазір суға батқан мәйіттерді іздестіріп, судан шығару жұмыстары жүріп жатыр.

Франция президенті Франсуа Олланд кеме, ұшақ апаттарын болдырмау мен оларды құтқаруға көп күш салып, адам саудасымен күресті күшейту қажетін мәлімдеді.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун "соңғы кеме апаты Жерорта теңізінде құтқару қызметін нығайту қажет екенін еске салды" деді.

Биыл Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдерінен шыққан 35 мың босқын мен мигрант Еуропаға барған. 900-ден астам мигрант Еуропаға жете алмай жолда мерт болған.

XS
SM
MD
LG