Accessibility links

Ресейден дизельді теміржолмен тасуды шектеу шешімі қабылданды


Мұнай өнімдері құйылған вагондар, Алматы облысы Үштөбе теміржол бекеті. (Көрнекі сурет).

Мұнай өнімдері құйылған вагондар, Алматы облысы Үштөбе теміржол бекеті. (Көрнекі сурет).

Қазақстан бүгін, 20 сәуірден бастап бір ай мерзімге Ресейден теміржол арқылы дизель отынын тасымалдауға тыйым салды деп хабарлады энергетика министрлігі. Тыйым салу шешімі Қазақстанның инвестиция және даму министрлігінің келісімімен қабылданған.

Теміржол тасымалымен айналысатын "Қазақстан темір жолы" компаниясына тыйым салынғаны туралы ескертілген.

Бүгін 2015 жылдың 5 наурызында бір жарым айға салынған Ресейден бензин мен дизель отынын тасымалдауға салынған тыйым мерзімі бітеді.

Бұған дейін энергетика министрлігі мен инвестиция және даму министрлігі қазақстандық мұнай өнімдері қоймалары Ресейдің арзан жанармайына лықа толғаны туралы хабарлаған. Ресейде мұнай өнімдері рубль бағамы құлдырауына байланысты арзандап тұр.

XS
SM
MD
LG