Accessibility links

Жамбылдағы жол апаты құрбандары 16-ға жетті


Жол-көлік апаты болған жер. Жамбыл облысы, 19 сәуір 2015 жыл.

Жол-көлік апаты болған жер. Жамбыл облысы, 19 сәуір 2015 жыл.

Жамбыл облысында микроавтобус пен жүк көлігінің соқтығысуынан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті деп хабарлайды Приозерск қалалық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Шағыровқа сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер. Дәрігердің айтуынша, жол апатында бірнеше жарақат алып ауруханаға жеткізілген бес адамның бірі - Қырғызстан азаматы көз жұмған.

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында кеше таңертең Алматы-Екатеринбург жолының 487-километрінде Бішкектен Солтүстік Қазақстанға қарай кетіп бара жатқан "Мерседес Бенц Спринтер" шағын автобусы мен "Газель-2705" жүк көлігі соқтығысқан. Шағын автобуста 19 адам болған. Көлік өртеніп, апат орнынан 14 адамның сүйектері табылған. Жараланған тағы бір адам Қарағанды облысының Жамбыл облысымен шектес Приозерск қаласының ауруханасында көз жұмған. Қаза тапқандардың 15-і Қырғызстан азаматы, біреуі - қазақстандық.

Қазір ауруханада жол апатынан зардап шеккен төрт адам жатыр.

XS
SM
MD
LG