Accessibility links

Ақмолада Ағанас ауылын су басқанына 5 күн болды


Ағыбай ауылынан су басқан Ағанас ауылына қатынап жүрген қайық. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ағыбай ауылы, 20 сәуір 2015 жыл.

Ағыбай ауылынан су басқан Ағанас ауылына қатынап жүрген қайық. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ағыбай ауылы, 20 сәуір 2015 жыл.

Ақмола облысының Целиноград ауданы Қошқарбаев ауылдық округіне қарасты Ағанас ауылын Нұра өзенінің тасыған су басып жатқанына бүгін бесінші күн болды. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлайды.

Астанадан 25 километр қашықтықта, Нұра өзеніне жақын орналасқан Ағанас ауылында 30 шақты үйде 157 адам тұрады. Тұрғындардың айтуынша, тұрғындар сәуірдің 16-сына қараған түні су басу қаупіне байланысты көшірілген. Қошқарбаев ауылдық округі әкімі Бүркітбай Шақарбаевтың Азаттық тілшісіне айтуына қарағанда, тұрғындар Қошқарбаев ауылы мен басқа да жақын ауылдардағы туған-туыстарына орналастырылған.

- Ағанасқа 2 километрдей қашықтықтағы жолды шайып кеткен. Қазір Ағанасқа су шайған тұсқа дейін көлікпен, ары қарай қайықпен барамыз. Қазір Ағанаста 27 адам, оның ішінде үш төтенше жағдай қызметкері мен бір дәрігер кезекшілік етіп үйлерді күзетіп жатыр. Оларға күнделікті ас-суын жеткізіп беріп тұрамыз, - дейді әкім.

Бұған қоса Ағанастан 7 километр қашықтықтағы Шнет ауылының шетін де су басқан. Шнеттегі 37 үйден 68 адам көшірілген. Жолы жабылған бұл ауылда да 30 адам кезекшілік етіп отыр.

XS
SM
MD
LG