Accessibility links

Алматыда 9 сериялы мультфильм премьерасы өтті


"Қазақстан - біздің ортақ үйіміз" анимациялық мультфильмдер сериясы бойынша түсірілген "Бұршақ мультфильмінен керініс.

"Қазақстан - біздің ортақ үйіміз" анимациялық мультфильмдер сериясы бойынша түсірілген "Бұршақ мультфильмінен керініс.

Алматыда бүгін "Қазақстан - біздің ортақ үйіміз" деп аталатын анимациялық мультфильмдер сериясының премьерасы өтті. Мультфильмдер тоғыз сериядан тұрады. Алғашқы кіріспе мультфильмде Қазақстан мен оның тарихы жайлы айтылады. Қалған бөлімдері Қазақстанда тұратын халықтардың ертегілерінің, мысалға корейдің "Үш сыйлық" ертегісі, орыстың "Мысық пен оның қожайыны", татардың "Әнуар мен Мұса" ертегісі, неміс, түрік, өзбек, ұйғыр және украин халық ертегілері желісінде түсірілген.

Анимациялық мультфильмдерді алғаш болып Алматыдағы түзеу мектеп-интернаты, мектеп оқушылары тамашалады.

Әрбір мультфильмнің ұзақтығы 10-12 минутты құрайды. Олардың әрқайсысы аниматорларының санына байланысты екі айдан сегіз ай уақыт аралығында түсірілген.

Кейіпкерлер қозғалу үшін әрбір кадрден 12-25 сурет салынған. Қазір мультфильмдер тек қазақ тілінде ғана сөйлейді. "Қазақфильм" өкілінің сөзінше, мультфильм қазір орыс тіліне және мультфильм желісі алынған халықтардың тілдеріне аударылып жатыр.

Мультфильмді түсіруге "Қазақфильм" мен басқа да қазақстандық киностудиялар қатысқан. Мультфильмдер Қазақстан халқы ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму концепциясы аясында түсірілген.

XS
SM
MD
LG